Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Наурыздағы ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзғаны үшін тестілеуден шеттетілді

27.03.2026, 11:00 59

Наурыз айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 117 мыңға жуық талапкер қатысты. Ресми мәліметке сәйкес, олардың 76,1 пайызы тесті қазақ тілінде, 23,8 пайызы орыс тілінде тапсырса, 117 адам ағылшын тілін таңдаған. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, ҰБТ басталғалы талапкерлердің шамамен 75 пайызы шекті балды жинаған. Орташа көрсеткіш 69 балды құраған. Сонымен қатар, 118 талапкер 130-дан жоғары балл иеленген. 

Тестілеуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер де қатысқан. Бұл санат бойынша наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысушылар саны 328 адам болғаны айтылды. 

ҰБТ барысында 179 ереже бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 97 талапкер смартфон, шпаргалка және өзге де тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілсе, тағы 82 адам тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. 

Министрлік мәліметінше, өзге адамның орнына кіру деректері анықталмаған. Талапкерлер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляция бере алады, ал техникалық себептер туындаса, өтініш тестілеу кезінде қабылданады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: