Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электронды темекі жастардың бір мүшесіне айналып барады

14.07.2023, 15:10 448

Қазіргі заманның басты мәселелерінің бірі – синтетикалық есірткілер. Оның ішінде өзекті талқыда электронды темекі. Жастар арасында осы заттың тұтынушылары барған сайын көбейіп бара жатыр. Оның бірден-бір себебі – биліктің дұрыс шаралар қолданбауы. Қазіргі жастардың көбі электронды темекіге 12-13 жасқа келгенде тәуелді бола бастайды. Жастар тыйым салынған затты дүкеннен, базардан және арнайы сайттардан еркін түрде еш қиындықсыз ала береді. Кейбір дүкендерге кіріп қалсаң сөрелерде электронды темекінің түр-түрі тұрады. Бірақ бұған құзырлы органдардың айтарлықтай шара қолданғандары шамалы. Бұл мәселені шешу үшін мектептер мен дүкендерде қатаң тексеріс жүргізу керек деп ойлаймын.

Euromonitor мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы әлем бойынша вейп тұтынушылар саны 7 млн адамды құраса, ал 2022 жылдың басына қарай 55 млн адамға жеткен. Қарап отырсақ бұл көрсеткіш соңғы 10 жыл шамасында 48 млн адамға артқан. Ал HBSC зерттеуі бойынша, Қазақстанда жастардың 15% вейп тартуын 11-15 жасында бастаған. Кейбір жастар осы знянды затқа тәуелді болғаны сонша, электронды темекіні ұзақ уақыт тұтынбаған кезде аяқ-қолы дірілдеп, өз-өзін ұстай алмай қалады екен. Әрине жастар арасындағы бұл әрекет мәселенің қаншалықты күрделі екендігін аңғартады. Сол үшінде еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы орган басшыларына осы мәселені шешуді арнайы тапсырған еді. Жақын арада осы мәселе шешіледі деп сенеміз.

Абдулла ҚЫРЫҚБАЙ

Пікірлер:
  • Құзырлы органдардан басшылары тезірек оңтайлы шешім шығарса екен.Балалардың қызығушылығы өте жоғары болып тұр,бұл ұлтымыздың жастардың болашағына үлкен зиянын тигізуде.9-жастағы балаларың қолданып бастағанын естідім және бір біріне мектеп оқушылары алып сатумен айналысатын естіп жүрмін

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: