HALYQLINE.KZ Жастар – болашақтың алтын діңгегі, ел келешегіне бастар нақты істердің темірқазығы. Ал жастарды қолдау – мемлекеттің даму статусын жоғары көтеретін, әлемдік аренадағы еліміздің асқақ беделін айқын көрсете алатын жүйелі бағдар. Аталған мереке аясында аудан әкімдігінің қолдауымен, ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен арнайы мерекелік іс-шаралар өткізілуде.
Тамыз айының сегізінші жұлдызынан бастау алған шаралар легі “Мүмкіндіктер алаңымен” ашылды. Онда әр сала мамандары еркін форматта халыққа кеңес берді. Кешкілік уақытта жастардың рухани демалуы мақсатында , ашық аспан астындағы кино көрсетілімі жүргізілді.
Фильм арқылы жастардың бойында қазақ тілінде дублюждалған фильмдарға деген пікір қалыптастыру негізделген. Өз кезегінде мерекелік шара үстел тенисімен жалғасын тапты. Ең алдымен жастардың күнделікті өмірде жылдамдық, тез қимылдау реакцияларын шыңдауға, сонымен қатар олардың бір-бірімен кездесіп, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Ал негізгі мақсаты – бәсекелестер арасында өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас орнату.
Ұлы дала төсінде дәстүріміз жанданып, ұлттық өнеріміздің алтын арқауының бірі саналатын қолөнер шеберлерінің көрмесімен жалғасын табады. Апта соңында мерекелік шаралар жоспары “ Жастар- ел тірегі” атты гала-концертімен қортындыланады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!