Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«CADAP» бағдарламасы бойынша тренинг өтті

04.12.2020, 9:50 785

HALYQLINE.KZ

Жасөспірімдер арасында психобелсенді заттардың алдын алу мақсатында «CADAP» бағдарламасы аясында «Мотивациялық әңгімелесу және оқу-тәрбие жұмысына негізделген профилактика» тақырыбымен 2020 жылдың 11-18 қараша күндері аралығында «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Жастар денсаулық орталығы» бірігіп, 6 сессиядан тұратын тренинг курсын өткізді.

Бағдарлама мақсаты – психоактивті заттармен тәжірибе жасаушы жастарды ерте кезеңінде анықтап, оларды қауіпті мінез-құлқын өзгертуге жігерлендіру, сондай-ақ, мектеп, ювеналды полиция, қоғамдық ұйымдар, ата-аналар, жастар денсаулығы орталығы және жастар ресурстық орталықтарының бірлесіп жұмыс істеуі.

Тренингті «Жастар денсаулық орталығының» Психологиялық-әлеуметтік кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Жансая Насрадинқызы жүргізді. Сабаққа 10-ға жуық мектеп оқушысы қатысты. Бастапқы күні оқушылар толық ашыла алмағанымен, уақыт өте көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, өздеріне керекті мәліметтер алды. Зиянды заттардың адам өміріне айтарлықтай әсері барын түсініп, болашақтарын білім мен саламатты өмір салтын ұстануға бағыттады. Адами құндылық, жауапкершілік, сыйластық пен ізгіліктің ара-жігін ажыратып, кемел келешектің тұтқасын ұстар азаматтарға айналарын түсінді.

Бекен  Жамбылов,

«QOSYL»  қалалық  жастар  ресурстық  орталығының  маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: