Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тантра

26.05.2020, 10:00 1094

HALYQLINE.KZ Жан-жақты ізденгіш адамдардың дені тантра деген секстің йогасы деп түсінеді. Шын мәнінде олай емес. Мұндай адам Камасутраны оқыған болуы керек. Оны да тантрамен байланыстырады. Шығыста төсек қатынасын пайдаланатын рухани ілімдер бар делінетіні рас. Дегенмен, мұндай ілім барлық мәдениетте болған. Еуропада да. Кей адам «Дао махаббат» туралы аз-кем біледі. Қытайлардың ұрық шашпай төсектес болу техникасымен таныс. Қарапайым нұсқаларда тантра деген анағұрлым еркін төсек қатынасы деп түсіндіріледі. Бұл, әрине, тамаша, бірақ еркіндік психотерапия саласына қатысты, оны йога мен эзотерикадан іздеу бекер. Ежелгі техникаларды бүгінмен байланыстыратын неофиттердің дені оларды тым қарабайырландырып жібереді. Шын маңызынан айырады. Көбінің астарында мәні жойылып кеткен. Мәселен, даолық ұрық шашпай төсектес болу техникасы механикалық әрекет қана болып қалған. «5 мың махаббат қимылының» таңғы жүгіру, не басқа да жаттығудан айырмашылығы болмай қалады. Төсектес болудың эмоционалды (астралды) қыры жойылып кетеді. Адамның астралды денесі тез бүлініп, рухани жұтайды. Төсекке ниеті болмайды. Даолар, әрине, мұндайды болдырмаудың жолын білген. Бірақ айтуды ұмытып кеткенге ұқсайды. Қанша дегенмен эзотерикалық техника ғой. Екінші кемшілігі, ұрық шашпай төсектес болудың кесірінен қуықасты безі ауырады. Ақырында простатит дамиды. Бұл техника жалпы да алғанда әйел мен еркек арасындағы қуат алмасуды жойып жібереді. Еркек қуаттанбайды. Әйел қуатын бере тұрып тез қартаяды. Кармалық қарыздар ұлғаяды.

Заманауи тантрада да осындай кемшіліктер орын ала бастады. Классикалық тантра – астралды денені дамытатын техника. Тантраның тек сексуалды саласында емес, барлық қырын алып қарасаңыз, сезінуге басымдық түсіреді. Әртүрлі көңіл күйді бастан кешіруді үйретеді. Тантралық техника ұрық шашуды басқаруға арналмаған. Олар әртүрлі сезімді толыққанды сезінуге бағытталған. Бастан кешірген сезімнің не екенін анық түсініп отыруына, саналы түрде сезінуіне жол ашады. Тантрада түрлі әдістер қолданылады. Секс соның бірі ғана. Барлық әдіс сезімталдықты дамытуға бағытталады. Үндістанда дінге берік брахмандар ет жемейді, қоздыратын шөптерді тартпайды. Топтық сексті насихаттамайды.

Бұның бәрі дәстүрлі табу. Тантрада олар табудың бәрін жоятын, жоя отырып сезіндіретін сезімдерді түйсінеді. Онсызда ет жеп, шарап ішетін бүгінгінің адамдары ережені бұзып-жарудың алапат күшін сезіне ала ма? Жай адамға мұндай әрекеттер терең сезім бере алмас. Ол үшін тантра тек қозу үдерісі ғана. Сондықтан тантраны «азғындықпен» шатастырады. Тантрада бұрын-соңды сезінбеген сезімдерді сезініп, солардың қуатын саналы түрде басқаруға ұмтылады. Азғындық кезінде керекті қуатты бақылаудың қажеті болмай қалады. Адамның астралды қуатты бақылау деңгейі санасын тұнық сақтауына байланысты. Тек ойдың емес, әрекеттің, осы қуат пайда болған әр жағдайдағы ісіне қатысты. Мәселен, қараңғы тас қапаста отырып тыныштықты сақтау оңай. Ал егер айналаңда тыржалаңаш әйелдің жұпары аңқып отырса, тыныштықты сақтау қиындайды. Бұл барлық чакраларға қатысты. Адам өз чакраларын басқа қуат шектен тыс көп болып кеткенше бақылай алады. Сондықтан чакраларды дамыту үшін сезімдердің толық ашылуын санаға түю керек. Шын мәніндегі тантра соны мақсат тұтады.

Мұндай биіктікке жету үшін түрлі тәжірибелер жасалады. Мұндай тәжірибелердің пайдалы нәтижесін кәдімгі өмірге енгізу оңай. Тантрада олар бұрыннан болған. Қазіргі «тантристерде» ол бар ма? Йога деген қуатты басқару. Әрине, сексуалды қуатты да басқару. Адамның тілегін, сезінгенін, тоят табуын қадағалау. Еркектер ұрық шашпау арқылы тоят таптыруды ең дұрыс жол деп біледі. Әйел тоят табу арқылы қуат жинайды. Бұл қуатты басқару еркектер үшін қаншалықты ұзаққа шабатындығына байланысты. Әйел үшін неғұрлым жылдам тоят табуына байланысты. Біріншісі де, екіншісі де қуатты жоғарыға көтере білуіне тіреледі. Сексуалды қуатты басқару тек секске қатысты емес. Сексуалды қуат адамды түрлі әрекеттерге құлшындырады. Осындай құлшыныстарды айқындаудың өзі осы қуатты басқару болып шығады. Дұрыс пайдаланса, сексуалды қуаттың берері мол. Сексуалды қуат бар кезде кез келген адамды өзіңе қаратуға болады. Сексуалды қуат тіпті жан-жануарға да, өсімдіктерге де әсер етеді. Оның үстіне сексуалды қуаттың емдік қасиеті зор. Оған мән беріп зерттеу қажет.

Андрей Сафронов

Аударған @shinarabelda

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: