Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жазасын өтеушілер кәсіптік білім алып, мамандық игеруде

01.07.2023, 11:59 384

HALYQLINE.KZ

Жаза мерзімін өтеп, арнаулы білім ала алмай, темір торға тоғытылғандар ҚАЖ мекемелерінде кәсіптік білім алып, мамандық игеруде.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 140 азамат арнаулы білімін дәлелдейтін құжат алды. Газэлектрдәнекерлеуші, арнайы тігінші, аспазшы, техник – механик, ағаш ұстасы мамандықтары бойынша кәсіби сауатын арттырған сотталғандар енді тұрақты жұмысқа тұрып, жалақы алу мүмкіндігіне ие болады.
Қызылорда қаласында М.Ықсанов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес және Қызмет көрсету және сервис колледжі, М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі, С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледждерінен арнаулы білім беретін мамандар жаза мерзімін өтеушілерге диплом табыстап, алдағы уақытта қандай жұмыс орындарына орналасқан тиімді екеніне бағыт-бағдар берді.

  • Мамандықтары бойынша диплом алған азаматтар жаза мерзімі аяқталғанша осы мекемеде ақылы жұмысқа орналасып, жалақы алып, қылмыспен келтірген шығындарды өтеуге мүмкіндіктері бар. Бұл азаматтар жақсы оқығаны үшін ай сайын 28 мың көлемінде шәкіртақы алып тұрды. Сотталғандардың жеке істері бойынша атқару парақтары болса, шәкіртақысынан белгіленген сома ұсталып отырды. Сотталғандардың туыстары үшін материалдық қолдау көрсету үшін, жеке басына қатысты қажетті заттарды сатып алу үшін шәкіртақысын пайдалануға мүмкіндік берілді, – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Бағлан Қалиев.
    «Техник – механик» мамандығы бойынша диплом алған жазасын өтеуші мамандық игеріп қана қоймай, ай сайын шәкіртақы да алып тұрғанын айтады.
  • Бізді қоғамнан сотталған деп бөлмей, жеке тұлға ретінде қалыптасуымызға жағдай жасап, білім алуымызға, мамандық иесі атануымызға мүмкіндік жасап отырған мекеме әкімшілігіне алғысымды білдіремін. Осы мамандықты игердім, ай сайын шәкірақы алып тұрдым. Бостандыққа шыққан соң да осы мамандығым бойынша кәсіп ашып, өзімді одан әрі дамытамын, – деді жазасын өтеуші.
    Қолдарына диплом алған 140 азамат тек темір тордың аржағында ғана емес, бостандықта да алған білімімен жұмысқа орналаса алады.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: