1889 жылы Италияның Сицилия аралындағы Розалинде үш аяқты және екі жыныс мүшесі бар ерекше бала дүниеге келді. Сол заманғы дәрігерлер бұндай ауытқушылықпен туылған баланы «егіз-паразит» деп атады, яғни ана құрсағына біткен егіздің біреуі екіншісін «жеп қояды» деді. Бұл баланың толық аты-жөні Франчески (Фрэнк) Лентини еді, ерлі-зайыпты Лентинилер ауытқушылықпен туған өздерінің 12-ші баласынан бас тартты, бір жасқа дейін қашықтағы ата-енесінің қолында болы,п жүре бастағасын мүгедек балалар үйіне тапсырды. Ол жерде кішкентай Фрэнк өзінің үшінші аяғын жек көріп өсті, 8 жасқа толғанда әкесі АҚШ-та осындай ұсқынсыз-урод балаларды цирк-шоуға өткізсе, көрсеткен өнері үшін ақша табуға болатынын біліп, баласын Америкаға апарып бизнесмен-шоумендердің қолына тапсырып, шартқа қол қойды. Ол бойынша Фрэнк мектепте оқып білім алатыны көрсетіліп, жасы кәмелетке толғанша өнер көрсетуден түскен қаржының басым бөлігі ата-анасына тиесілі болды. Ақша дегенді қойсайшы, бір кездері өздері көрсетуге ұялып, баласын мүгедектер үйіне өткізгенде, оның мұндай табыс көзіне айналады деп ойламаған еді.
Фрэнкті бұл жерде күнделікті оқумен қатар өнер көрсетуге үйретті, ол үшінші аяғымен түрлі трюк жасауды, велосипед теуіп, футбол ойнауды үйренді. Оның футбол ойынына халық өте көп жиналатын, өздеріңіз көз алдарыңызға елестетіп көріңіз, жүгіріп келе жатып үшінші аяғымен ойламаған жерден допты теуіп қақпаға дәл түсіретін, көрермендер осы сәтте күлкіге қарқ болып қалып, күтпеген допты жіберіп алған қақпашы аузы ашылып қалатын. Ол цирктегі басқа ұсқынсыз-урод әріптестерінен артық ақша алатын, аяқкиімі тез тозғандықтан ол екі жұп аяқкиім сатып алатын, артық қалған бір сыңар аяқкиімін, бір аяқпен туған әріптестеріне тегін беретін. Фрэнк циркте 69 жыл бойы түрлі «цирк-урод шоуда» өнер көрсетіп, ең атақты әрі бай адам болды, оны дүниежүзін аралап өнер көрсеткен кезінде жарнама-афишаларында «Үш аяқты сицилиялық», «Үш аяқты футболист», «Фрэнк-циркач», «Ұлы Лентини» деп жазылды. Жас кезінде ол үшінші аяғын жек көріп өссе, циркте өнер көрсетіп жүргенде өзінің артық үшінші аяғын тағдырдың сыйы деп түсінді. Бір кездегі өзінен бас тартқан әке-шешесі бес ұлы мен екі қызымен АҚШ-қа көшіп келгенде оларға американ азаматтығы мен үй сатып алып берді. Оның екінші жыныс мүшесі бар екенін білген бай әйелдер тыныштық бермеді, әрине тегін емес, сондықтан болар ол кеш үйленді. Үйленгенде де өзінен 28 жас кіші әрі сұлу қыз Тереза Мюрриге үйленіп, Жозефина, Натали, Франческо-кіші және Джакомо есімді дені сау 2 ұл мен 2 қызды болды.
Замандастарының естеліктеріне қарағанда ол ақкөңіл әрі әзілқай адам болған, мұқтаж адамдарға қол ұшын берген екен. Әр елге барғанда газетке сұхбат алуға келген журналистерге отыру үшін үшінші аяғының тізесін бүгіп орындық етіп ұсынады екен, оған отырғандар үшін бір елеулі оқиға болып қалды, себебі ол адамзат тарихында үш аяқты болып туған жалғыз адам болды. «Уродтар королі» және «қатынқұмар-бабник» атанған Франчиско Лентини 1966 жылы 77 жасында АҚШ-тың Флорида шатында қайтыс болды.
Бақытжан Абдул-Түменбай,
тарихшы, журналист-дайджест
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!