Бір күні Ібіліс өзінің зұлымдық әрекеттеріне қолданатын құралдарын көпшілікке көрсету үшін көрме ашыпты.
Ол барлық қаруларын әйнек сөреге орналастырып, әрқайсысының аты, қолдану мақсаты және бағасын көрсетіп жазып қойыпты.
Онда Қызғаныштың жылтырған өткір Пышағы, Ашу-ызаның ауыр Балғасы, Ашкөздік Қақпаны мен Тұзағы, Қорқыныш, Тәкаппарлық және Жек көру құралдары бәрі-бәрін әдемі жастықтарға мұқият орналастырып қойғаны Тозақтың көзіне ерекше түскен екен.
Бірақ көрменің ең шеткі сөресінде «ТОРЫҒУ мен ТҮҢІЛУ» деген белгісі бар, ешкімге қажетсіз, тозығы жеткен, екі ұшы үшкір ағаш қазық ең қымбат бағаланып тұрғаны бәрінің назарын аударып, бұл жаман ескі құралды неге сонша қымбат бағалайтынын таңғалып сұрапты.
Ібіліс: «ТОРЫҒУ мен ТҮҢІЛУ деген – құрал ставкасы ең жоғары, әрі менің ең сенімді құралым. Сондықтан оны қымбат бағалаймын. Оны адамдарға қарсы пайдалануға да өте оңай. Ал басқа қаруларым онша сенімді емес, сондықтан оларды бәріне пайдалануға қиын»,-депті де ТОРЫҒУ және ТҮҢІЛУ деген екі ұшы бар қазықты аялай сипап:
– Мен, өзімнің ең жақсы көретін осы қазығымды адамдардың басына қағып орнатып алар болсам, бұл басқа барлық құралымды қолданатын Есіктерді түгелдей ашып береді»,-деп мақтанышпен таныстырған екен.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!