Әр нәрсенің себебі болады, бізге ешкім себепсіз жолықпайды, есесіне біз де ешкімге себепсіз жолықпаймыз.
Осыны есте сақтап жүр, өйткені бұл өте маңызды! Сенің не істеп жатқаның, немесе не істемек болғаның маңызды емес, болуға тиіс нәрсе солай болады.
Күтпеген кездесу, болжаусыз ұшырасу деген болмайды. Адамдардың кейбірі сенің өміріңнің қиын уақыттарында, ал кейбірі бақытты кезеңдеріңде пайда болады.
Әртүрлі себеп-салдары бар жолығулардың әрбірі өмірде әртүрлі жолмен шығып келуі мүмкін. Біздің өмірімізде кездескен әрбір адам бізге белгілі бір мөлшердегі бір нәрселерді үйретеді.
Біз әрбір жаңа жолығуларға кез болған сайын, артық тәжірибе жинап, жаңа деңгейге көтерілеміз.
Кейбір адамдар біздің өмірімізді бұзу үшін келсе, кейбірі бізбен бірге алға жылжу үшін келеді.
Төмендегі тізімнен сен адамдардың қандай себептермен өмірде пайда болатынын біле аласың. Осы 6 себептің барлығының мән-мағынасы бар. Тағдырдың жазуы деп айтуға да болады.
Тағдыр байланысының 6 түрі:
1. Саған ескерту үшін. Кей адамдар сенің өміріңде қандай да бір маңызды нәрсені ескерту үшін келеді. Ол адам сол маңызды нәрсені сенің түсініп-тануыңа көмектесуге жауапты. Мұндай типтегі адамдар сенің өміріңде өмір бойы бола ма, жоқ па, маңызды емес, қалай болса да саған түсінуің керек нәрселер туралы ескертеді.
2. Сені дамыту үшін. Бұл адамдар бізге көп нәрсені үйретеді. Бізді қазіргіден де жақсы адам ету үшін өмірге келеді. Басқаша айтқанда, бұл адамдар саған өмірде қажет болған кезде пайда болады және сенің өзіңе әлеуетің қанша екенін түсіндіріп береді.
3. Сенімен өмір бойы бірге болу үшін. Мұндай адам – сенің өмірлік серігің, немесе өмірлік жан досың. Олар сені барлық уақытта қолдайды және сен оларсыз толық емессің. Олар бар болғандықтан ынта-жігер, құмарлық пен құштарлыққа толы боласың.
4. Сені ояту үшін. Оларды саған өмірдегі шындықты түсінуге шақыратын адамдар деп айтуға болады. Құлап, қайта тұрған кезіңде тек оң энергия ғана емес, теріс энергия да қажет болатынын ұмытпа. Сен олармен бұрын-соңды кездеспеген болсаң да, олар сені ешқашан ешкім де жігерлендірмегендей жігерлендіреді.
5. Саған жеке кеңістігіңді сезіндіру үшін. Бұл адамдар біздің өмірімізге бір сәтте келіп, орнығады. Олар сен осы әлемде жалғызсырап жүргеніңде көңіліңе дем беріп, сенің сөнген отыңды жағады. Мұндай адамдар сенің өміріңе қайткенде қажет болатыны есіңде болсын.
6. Сені тастап кету үшін. Ондай адамдар бір кетсе, ешқашан қайта оралмайды. Олар саған қиын уақытта проблемаларды жалғыз шешіп үйренуіңе жауапты. Әрбір мәселені жеңе білген сайын сен соғұрлым тәжірибелі боласың. Осы типтің адамы сенің көңіліңді жаралап, сенен алыстап кетеді. Бірақ мұқалма. Ол өз кезегінде сені тіптен күшейту үшін өміріңде пайда болған болатын.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!