Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сіз қай ұрпаққа жатасыз?

20.10.2025, 8:25 225

HALYQLINE.KZ

1. Ұлы ұрпақ – 1901-1925 жылдар;

2. Үндемейтін ұрпақ – 1925-1943 жылдар;

3. Бэби-Бум – 1944-1963 жылдар;

4 Икс ұрпақ – 1964-1979 жылдар;

5. Милленалды ұрпақ – 1980-1994 жылдар;

6. Зет ұрпақ – 1995-2012 жылдар;

7. Альфа ұрпақ – 2013-2024 жылдар;

8. Бета ұрпақ – 2025 жылдан бастап.

Мен 1959 жылы дүниеге келгендіктен, үшінші ұрпақ 1944-1963 жылдар арасын қамтитын Бэби-Бумға жатамын.

Бұл кезде соғыстан қайтқан әкелеріміз елге келіп, бэби-бум, яғни демографиялық жарылыс жасады. Соғыста жесір қалған жалғызбасты жас келіншектер сөз салған ерлердің екінші әйелі болып қайта отбасын құрды, оны ешкім де айыптамай, түсіністікпен қарады.

Мына 1958 жылғы фотодан-ақ Бұлақбаев, Түменбаев және Кемаловтар әулетінен еркек кіндік аз қалғанын білуге болады (төртеуі жесір). Шеттегі екінші қатардағы ақ жаулықты әкемнің ағасы Сарықазақ Түменбаевтың жесірі, жарты ғасыр күтіп 2004 жылы қайтыс болды. Түменбайдың шөбересі Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың тарих пәнінің оқытушысы Рамазан арғы атасы Сарықазақтың Белорусь жерінде 1944 жылы қаза тапқанын интернет арқылы 2020 жылы анықтады. Шеттегі екі қызды ұстап тұрған менің әкем Абдулла Түменбайұлы Тұрымбетов 1919 жылы Қазалы ауданындағы Қарашеңгел ауылдық Кеңесінде дүниеге келген. 1939 жылы совет-фин соғысына қатысып, елге қайтайын деп тұрғанда 1941 жылы соғыс басталғаннан кейін үш күннен кейін тұтқынға түсіп, 1945 жылы одақтастар армиясы азат етіп, 5 мамырда кеңес жағына өткізіледі. НКВД-ның сүзгісінен (филтрациядан) өткізіп тексерген соң, 1949 жылға дейін Донбасстағы шахтада тегін жұмыс күші ретінде жұмыс істеген.

1925-1943 жылдары туғандар күштеп ұжымдастыруды, аштықты, қуғын-сүргінді, соғысты көргендіктен іштей тынып, Үндемейтін ұрпақ деп аталады.

Бақытжан  Абдул-Түменбаев,

ардагер-ұстаз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: