Леонид Пантелеев ХХ ғасырдың 20-жылдары басында, елдің солтүстіктегі астанасы, революция бесігі Петроград қаласының тұрғындарын үрейде ұстады. Біз алғаш рет ол туралы 1974-1977 жылдары түсірген «Рожденный революцией» атты телефильм арқылы білдік (ол кезде сериал деп аталмайтын). Осы 10 сериалы телефильмнің 3-сериясы Леонид Пантелеевке арналды. Сонымен, небәрі 20 жас жасаған Ленька Пантелеев кім?
Л.Пантеллев 1902 жылы дүниеге келді, 15 жасында күнкөріс үшін Питерге келді. Баспаханада әріп теруші мамандығын игеріп, «Копейка» газетінің баспаханасына жұмысқа тұрды. Қазан айында большевиктер қарулы көтеріліс жасап, орыс патшасын тақтан құлатқанымен, жарты жылдан соң билік үшін азамат соғысы басталып, 16 жасында паек беретін болған соң Қызыл Армияға өз еркімен жазылады. Азамат соғысы кезінде қара халықты ақтар да, қызылдар да тонады. Пантелеев қызыл гвардияшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ететін «продотряд» құрамына алынды. Еңбегімен тапқан астығы мен малын бергісі келмегендерді сотсыз табан астында атып тастау әдісі жасөспірім Пантелеевке ұнады және қарудың күшімен адамдарға үстемдік құра алатынын ішіне сақтап қалды. Азамат соғысы аяқталған соң ВЧК-ға қарасты теміржолда қауіпсіздікті қамтамасыз етті (№1 фотода қызылмен қоршалған).
1921 жылы штат қысқаруына байланысты 19 жастағы Пантелеев жұмыссыз қалды. Зауыттағы қара жұмысты істегісі келмеді, өзі сияқты органнан қысқарып қалған үш адаммен топ құрып, қарақшылық жолмен елді тонай бастады. Түнде байларды тонады, күндіз жеңіл мінезді етегінің желі бар қатындармен мейрамханада шалқып отырды. Бұны жаңа заман лебі деп масаттанған поэтесса Елизаветта Полонская былай деп үлкен шабытпен жырлады:
«Ленька Пантеллев,
Сыщикам гроза!
На руке браслетка,
Синие глаза.
Кто еще так ловок?
Посуди сама!
Сходить все девчонки,
От него с ума!
Нараспашку ворот,
В стужу и мороз.
Говорит не надо,
Видно что он матрос!».
Пантелев ешқандай матрос та емес еді. Матростың киімін киген себебі, көшедегі матростарды патрульдер тоқтата бермейтін. Себебі, матрос – революцияның авангарды! Қысқы сарайға шабуыл жасаған айрықша элиталық топқа жататын, патруль тоқтатқанымен мас матростардан басы бәлеге қалатын, кейде жанжал адам өлімімен аяқталатын.
Небәрі бір жыл ішінде Леонид Пантелеев бандасы 1922 жылы «Петроградская Правда» газетінің мәліметінше, 170 рет қарақшылық шабуыл жасаған кезде, қарсылық көрсеткен 82 адамды атып өлтіріп, 192 пәтерді үй иелері жоқ кезде тонап кеткен екен. Питердегі ВЧК, УГРО аяғынан тік тұрып іздеді. Пантелеевті ұстау үшін УГРО-ның №1 бөлім бастығы Сергей Кондратьев (№2 фото: кинодагы Николай Кондратьевтің прототиві) басшылық жасады. Қанша тосқауыл құрғанмен құтылып кете бергендіктен, милицияның ішінде «информаторы» бар деген күдікке ілінген бөлімше бастығы Павел Барзайға санаулы күн беріп, «егер Пантелеевті сол уақыт ішінде ұстамасаң, өзіңді трибуналға беремін» деді. Ақыры милиция «Пантелеев «Кожтрест»-ке қарайтын аяқкиім дүкеніне кірді» деген хабар алысымен қоршауға алынды. Атыс кезінде Павел Барзайдың өзі өліп кетті, оғы таусылған соң, ішке кірген милиционерлер Пантелеевті басынан (№3фото) ұрып, есінен тандырды. Пантеллевпен бірге банды мүшелері Гаврилов, Сашка-Пол және Мишка Корявкин де қолға түсті. Сот болам дегенше атақты Кресты түрмесінде ұстады. Алайда солшыл социалистік көзқарастағы эсер болған түрме бақылаушысы Пантелеев пен Корявкинге қашуға мүмкіндік береді. Бостандыққа шыққан Пантелеев қаңтар-ақпан айларында 35 рет қарақшылықпен тонап, қарсылық көрсеткен 10 адамды атып өлтіреді. Ақыры екі «информатор» арқылы Пантеллев пен Корявкин екеуі өз бандасын ұлғайтпақ үшін Можайск пен Лиговка көшелеріндегі үйде 13 ақпанда «сходка»-ға жиналатыны белгілі болды. Қайсысы дұрыс? Не де болса екеуіне топ жасақталып күтеді. Екіншісіне Иван Бусько деген жас оперге екі милиционерді қосып жібереді. Тәжірибелі тергеушілер Можайскідегі үйге тосқауыл жасайды. Сөйткен Пантеллев екінші үйге кіреді, атыс кезінде Бусько мен Пантеллев бетпе-бет кездесіп қалып, екеуі де бірдей атып жібереді. Небәрі 18 жастағы Ваня Буськоның атқан оғы Пантеллевтің басына тиеді. Қалған банда мүшелері де атыс үстінде өледі. «Рожденный революцией» киносында Пантелеевті «Донон» ресторанында Николай Кондратьев атып өлтіргенін көрдіңіздер. Енді ол қазақша айтқанда «қазаншының өз еркі құлақты қайдан шығарса» дегенге келеді, сценарий солай жазылған ғой. СССР деген ел ыдырап, ел нарыққа өткен кезде базарға рэкеттер бақылау жасап, криминалды топтар жарыққа шығып, авторитет ретінде түрлі нысанды жекешелендіріп алған соң Леонид Пантелеевті үлгі етіп жарыққа шығара бастады. Банды Пантелеевті Александр Розенбаум мен Вика Цыганкова әнге қосты, тіпті Питердегі ТЮЗ-де «Ленька Пантеллев» деген мюзикл де қойылды. Өмірбаянын дәріптейтін кітаптар жазылып, кинолар түсірілді.
Ал, шындығында өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Леонид Пантелеевті атып өлтірді дегенге халық сенбегенде ВЧК төрағасы «революция рыцарі» немесе «темір Феликс» атанған Ф.Э.Дзержинский Пантелеевтің басын кесіп алғызып, арнаулы формалин құйылған ыдыста Нева бойындағы үлкен универмаг әйнегінің ішіне халықтың көзі жетсін деп қойған болатын (фото 4). Пантелеевттің басы бастапқыда КГБ-де, сосын ФСБ-де, қазіргі уақытта Санкт-Петербург университеті заң факультетінің зертханасында шыны ыдыста сақтаулы, студентерге көрнекі құрал ретінде көрсетіледі.
Бақытжан Абдул-Түменбай,
тарихшы, журналист-дайджест
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!