Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ол өмірдің қол жетпейтін бір жанталасын өнер арқылы ашуға тырысты!

19.02.2021, 9:25 1107

HALYQLINE.KZ

Шөмішбай – қайталанбас творчествалық тұлға, ірі талант иесі. Біз құрдаспыз, мұңдаспыз. Мынау дағдарыс заманда, ертең не боларын білмейтін өтпелі кезеңде өмір суріп, бір арпалыста жүр едік. Кейде халық, азаматтар жиналған жерде, оқта-текте бильярдта пікірлес едік. Ол Қазақстан халқына өз саласы бойынша риясыз еңбек етті.

Жалпы ГЕНИЙ дегеніміз – ол адамның ең жоғарғы денгейдегі интеллектуалды, шығармашылық ой-өрісінің жемісін, жаңалығы мен жетістігін бүкіл әлем қабылдауы. ГЕНИЙЛЕР – ол жай адамдарда да, биліктегілерде де әлемнің өзгеріс суретін түгел көре алмайтынды, жоғары биіктікке, бір шыңға шығып көретін, басқа деңгейдегі талант иесі.

Шөмішбайдың шығармашылық, поэзия саласындағы жаңалығы мен жетістігін бүкіл Қазақстан халқы қабылдады. Шөкеңнің шығармашылық еңбектері қоғамның дамуына күш беретін өзгеше көрегенділік болды. Президенттер, билік басындағылар келеді, кетеді, ал Генийлер, ақыл беретін данышпандар тарихта, халық жадында қалады.

Эксперттердің пайымдауынша 60-80 жас арасы нағыз ақылдың піскен шағы екені рас болса, ШӨМІШБАЙ замандасым әлі де халқына том-том шығармалар берер еді. Әттең, өмірден ерте озды. Шөмішбай Сариев тарихта қайталанбас өз өрнегін салды, халық есінде мәңгілік қалды! Ол – Шәкәрім айтпақшы өмірдің қол жетпейтін жанталасын өнер арқылы ашуға тырысты!

Егер Алматыда, не киелі Түркістанда «ЗИЯЛЫЛАР САРАЙЫ» ашылса, Шөмішбай Сариевтың тұлғасы төрде тұратыны анық! Жаның жәннатта болсын көз көргенім.

Академик Оразалы Сәбден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: