Владимир Комаров 1927 жылы дүниеге келіп, балалық шағы соғыспен сәйкес келген соң, ұшқыштардың ерлігіне еліктеп өсті. Мәскеудегі №235 мектепті тамамдап, Бориславскийдегі әскери ұшқыштар даярлайтын училищені бітірген соң, 1949 жылы Грозный қаласындағы 382-ші авиациялық полкте қызмет ете бастайды.

1951 жылы бастауыш сынып мұғалимасы Валя Киселеваға (фото-2) үйленіп, келесі 1950 жылы қызды болса, 1958 жылы ұлды болды (фото-5).

1954-1959 жылдары Жуковский атындағы әскери-әуе күштерінің академиясында оқыды. 1960 жылы ВВС №1-ге қабылданды, кейін бұл алғашқы космонавтар отряды деп аталды. Отрятағы кезегі тез жылжыды, себебі, ВОСТОК №1 кораблімен ұшуға дайындалып жүрген космонавт Г.Нелюбов вокзалда әскери патрульмен керісіп төбелесіп қалғаны үшін, отрядтан шығарылып, орнына Комаровты бекітті.
1964 жылдың 12-13 қазан күндері ВОСТОК №1 ғарыш корабль құрамында В.Комаров, К.Феоктистов және Б.Егоровпен ғарышта 24 сағат 17 минут 30 секунд болып, жер шарын 16 рет айналып қонды. Бұл тарихта алғашқы көпорынды корабль және скафандр кимеген космонавтар болды. Осы сапары үшін полковник шені мен Совет Одағының батыры атанды және ғарышкер-нұсқаушы дәрежесі берілді (фото-1).
Бұл Никита Хрущев билігі кезіндегі ғарыштағы соңғы жетістік еді. Осы оқиғадан кейін бір күн өткеннен кейін астыртын жағдайда дайындалған Орталық Комитет мүшелері М.Суслов, Л.Брежнев, Н.Подгорный, В.Семичастный, т.б. Хрущевті орнынан тайдырып, КСРО Жоғары Кеңесінің төрағасы Л.Брежнев Хрущевтің орнына, Брежневтың орнына Н.Подгорный отырды.
Атаққұмар Брежнев космосты игеру Хрущев кезінде болғанын қызғанып, ендігі жерде ғарышқа жаңа «Союз» кораблімен ұшуды тапсырды. Бұл кезде бас конструктор Королев қайтыс болып кеткендіктен, басқалары жаңа «Союз» кораблін асығыс түрде дайындай бастады. Ол үшін алдымен «Союз-1» кораблі ұшырылып, артынан ұшырылған «Союз-2» кораблімен ғарышта түйістіріліп, бірі-бірімен ғарыш кемесіне кіріп, қатынас жасауды жоспарлады. «Союз-1» кораблімен В.Комаров, «Союз-2» кораблімен В.Быковский, А.Елисеев, Е.Хрунов ұшатын болды.
Асығыстың аты – асығыс, конструкторлар Брежневке корабльдің күнмен қуат алатын бір қанаты ашылмай қалғанын айтқанымен, Брежнев «алда Ұлы Қазан ревлоюциясының 50 жылдығы келе жатыр, соған үлкен тарту болады» деп көнген жоқ. Амалсыз жаңа «Союз-1» кораблін ғана ұшыруға көндіруге көзін жеткізетіндей қылыпайтқанымен, Брежнев алған бетінен қайтпаған соң, штаттан тыс жағдайға жауап бермейміз деп «Союз-2» кораблін ұшырмауға қол жеткізді.

1967жылдың 24 сәурінде «Союз» кораблі ұшырылды. Ғарышта 26 сағат, 48 минут, 52 секунд болып жерге қону үшін аппартты қосқан кезде жылдамдықты азайту үшін ашылған парашют жібі шатасып кетіп, ашылмай қалып, жерге қатты жылдамдықпен құлдилаған соң Комаров тірілей жанып кетті. Кейін мүрдесін өлшегенде 1 м, ені 40 см ғана қаңқасы қалды (фото-4).

Қаза тапқаннан кейін екінші рет батыр атағы беріліп, кремль қабырғасына жерленді (фото-6). Осылайша Брежневтің Хрущев сияқты мерекеге орай мақтану және баяндама жасау үшін асығыс ұшырылған атаққұмарлығы Комаровтың түбіне жетті.
СССР тарағаннан кейін «сары басылымдарда» Комаров ғарышта өлетінін білгесін Брежневті барынша аямай боқтапты деген сөз тарады. Бұл, әрине, сенсация қуған журналистердің ойдан шығарғаны еді.
Ғарышқа жеткен соң «Рубин» (Комаров) ұшуды басқару орталығындағы (ЦУП) «Заряға» (Гагарин) былай дегені ғана рас: «Қымбатты кеңес одағының халықтары, Сіздерді Ұлы Октябрь Социалистік революциясының 50 жылдығымен құттықтаймын! Космонавт Комаров».

Тағы бір айтатын нәрсе, «Союз-1» корабліне досы Ю.Гагарин дублер болған еді. Брежнев Гагарин ұшқанын қалағанымен, соңғы сәтте Комаровтың ұшуына қарсы болған жоқ. Бір жылдан соң Володя Комаров сияқты Юрий Гагарин де (фото-3) МИГ ұшағымен апатқа ұшырап, қаза тапты.
Бақытжан Абдул-Түменбай,
тарихшы, журналист-дайджест
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!