1990 жылдың 15 тамызында сағат 12:28-де жастардың пірі болған «Кино» тобының әншісі Виктор Цой Ригадан ондаған шақырым жердегі Тукуме елді мекенінде өзінің қара көк «Москвич-2141» автокөлігімен, сағатына 100 шақырыммен келе жатқан «Икарус-250»-ге соғып, сол жерде тіл тартпай кетті.
Ресми түрде әнші рольде отырып ұйықтап кеткен деп мәлімдеді. Анасы Валентина Васильевна тал түсте ұйықтауы мүмкін емес десе, әкесі Роберт Максимұлы Цой ұлының жүргізу тәжірибесі аздығын мойындады. Ал, Икарус жүргізушісі 2020 жылға дейін таксист болып қызмет істеді.

2007 жылы Ресейдегі «Следствие вели» хабарындағы зерттеуде Виктор машинасындағы магнитофонның кассетасын ауыстырып жатқанда, бұрылыстан шыға келген автобусты байқамай қалған деген жорамалды айтты.
Әншінің өлімі туралы көптеген қауесет тарады, соның бірі президент М.С.Горбачевтің саясатын әшкерелейтін «Овечка» әнінің жазылып жатқанын білгендіктен КГБ өлтірді деген. Ол кезде КГБ құрылымында реформа жүріп жатқандықтан, ол әшейін сөз еді.
Не болса да Цойдың өлімі рок музыканың, оның ішінде Цой табынушыларына үлкен шок болды. 1990 жылдың 19 тамызында Санкт-Петербордың Богославский зиратында табыты жерге түсіріліп жатқанда, біз пірісіз өмір сүре алмаймыз деген 40 жас өзіне қол салып өліп кетті. Бұны «эффект Вертера» деп атайды. Гейне «Страдания юного Вертера» романын оқып болған жастар алғаш рет осындай суицидке барған болатын, содан бастап тарихта осы термин қолданылып келеді.
Бақытжан Абдуллаұлы,
тарихшы.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!