Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су туралы қызықты мәліметтер

15.05.2021, 16:00 2004

HALYQLINE.KZ

Су – әлемдегі ең көп таралған зат. Кез келген нәрсе судан тұрады.

1. Қызанақ 90 пайыз судан тұрады.

2. Жыл сайын төрт миллион адам судан тарайтын аурулардан қайтыс болады.

3. Табиғаттағы судың 1,1 пайызы ғана ішуге жарамды болып келеді.

4. Адамның қан құрамы суға қарағанда алты есе қою келеді.

5. Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.

6. Зерттеу нәтижесі бойынша, атмосфера құрамындағы су мөлшері барлық өзендерді бірге қосып санағандағы мөлшерден көп.

7. Сиыр 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек.

8. Ер кісінің ағзасы шамамен 70 пайыз судан тұрады.

9. Жер шарының 3 пайызында ғана тұщы су, ал қалған 97 пайызы ащы су.

10. Ғалымдар судан шыққан дыбыстың, ауадан тараған дыбыстан гөрі жылдам тарайтынына көздері жеткен.

11. Біздің дәретханамыз үйде қолданып жүрген судың 35 пайызын пайдаланады.

12. Бір келі кофе өндіру үшін 22 мың литр су қажет.

13. Газет парақтарын шығару үшін шеберлер 300 литр суды керек етеді.

14. Ауыл шаруашылығы егін өсірумен айналысу үшін әлемнің 70 пайыз су қорын қажет етеді. Жай өнеркәсіпке 22 пайызы ғана керек.

15. Инфекциямен қатысты аурулардың 80 пайызы су тораптарынан жұғады.

16. 18 литрлік канистрдің 20 келілік салмағы бар.

17. Африка құрлығында жылына орташа есеппен 5-10 адам соғыстан емес диарея ауруынан өледі.

18. Егер адам ағзасына 2 пайыз су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді.

19. Құрғату аяғы ауыр әйелдің толғағын шақырады.

20. Жерімізде жалпы су қоры 1 500 000 00 кубтық километр.

21. Қарбыз 92 пайыз судан тұрады.

22. Жылан суда шаға алмайды.

23. Мамандардың айтуынша, судың 1,7 пайызы қатты күйінде, яғни мұз тәріздес болып кездеседі. Бұл суды пайдалануға мүмкіндік бермейді.

24. Ысқыш (губка) мұздай суды ыстық судан гөрі өзіне жақсы тартып алады.

25. Әрбір сусиыр (бегемот) су астында туады.

Әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: