Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сіз өзгеден ақылды болсаңыз…

20.09.2020, 9:00 584

HALYQLINE.KZ Өзгеден ақылды болып көріну мен шынайы ақылды болу екі түрлі нәрсе. Себебі ақылды екеніңізді көпке жария ету – нағыз ақымақтық. Негізі, ақылды адамның басты белгісі – қарапайымдылық. Егер өзгеден ақылды болсаңыз, Сізде қандай жағдай болуы мүмкін? Осы турасында ойланып көрдіңіз бе? Біз массагет.kz сайтының мәліметіне сүйеніп, ақылдылардың өмірін көз алдымызға елестетіп көрген едік.

1. Психологиялық ауытқу. АҚШ және Ұлыбритания ғалымдары жоғары интеллектілі адам түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін деп тұжырым жасады. Олардың зерттеу нәтижесінде 8 жасында IQ сынамасы жоғары болған балалар уақыт өте келе психологиялық ауытқуға ұшырайтын болған.

2. Түнде өмір сүру салты. Психолог С.Канадзаваның теориясына жүгінер болсақ, біздің бабаларымыз күндіз шайқаста жүріп кеш батысымен жатудың қамын жасаған болса, қазіргі данышпандар мұны керісінше істейді. Түнде кеш жатып, таңда ерте тұрып кететін адамдар ақылды адам ретінде танылып отыр.

3. Жалғыздықты сүю. Ақылды әрі қабілетті адамдар жалғыздықты сүйеді. Қарапайым адамдар достарымен отырып әңгіме-дүкен құрғанды ұнатса, ақылы толысқан адамдар өздеріне керек жобамен бас қатырып, көпшілік ортадан қашық болуды қалайды.

4. Сенім. Ақылды адамдар кімге сену керектігін біледі және кімге сенуге болмайтынын да аңғарады. Сондықтан олар барлық адамдармен ашық сөйлеседі. Ал, сенімсіздік танытқан адамына тіпті жақындамайды.

5. Физикалық қозғалыстың әлсіздігі. Америкалық ғалымдар зерттей келе, ақылмен жұмыс істейтін адамдардың қол күшіне қолайлы екенін немесе физикалық жұмыстарға жарамсыз болып келетінін анықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: