HALYQLINE.KZ Бүгін Октябрь ауылдық округіне қарасты Шижаға елді мекенінде жаңа медициналық амбулаторияның іргетасы қаланды, деп хабарлайды Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құрылыс басында болып, нысанның алғашқы кірпішін қалады. Ауыл тұрғындарының қуанышымен ортақтасқан аудан басшысы жауапты мамандарға құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын тапсырды.
Аталған нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарын өткізілген конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған мердігер «Алемстрой-1» ЖШС жүргізуде.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында барлық қажетті техникалар мен материалдар жеткізілген. Ғимарат құрылысы шілде айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!