ЖИТС (жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы) – аса қатерлі вирустық дерт. Вирустың құрамында SD-4 протеині бар зат табылған, сондықтан вирус лейкоциттерге жабысып, олардың ішінде өзінің ақпаратын жіберіп отырады. ЖИТС вирусы алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та Калифорния штатында кистозды пневмонияға шалдыққан гомосексуалистер арасында табылған. 1983 жылы атақты ғалымдар Люк Монтанье және Франсуаза Барре-синусси зерттеп, лимфоциттерде орналасқандығын дәлелдеген. 1984 жылы ағылшын ғалымы Роберт Галло ЖИТС вирусын зерттеп, адамдарда ғана пайда болатынын дәлелдеген. Қазіргі кезде ЖИТС вирусының 5 таралу жолы бар:
– нашақорлық арқылы (есірткіні көк тамырға жіберген кезде, шприцті бірнеше адамның қолдануы);
– донорлық жолмен (тексерілмеген қанды, мүшелерді трансплатациялау кезінде);
– гомосексуалистер арқылы (гомосексуалистер – бірдей жыныстылар арасындағы жыныстық қатынастар);
– анадан нәрестеге жұғу арқылы (ЖИТС ауруына шалдыққан жүкті әйелден балаға);
– гемофилия ауруына шалдыққандар арқылы (гемофилия – қанның ұйымауы).
Аурудың белгілері:
Инкубациялық жасырын кезең. 0-15 жылға дейін созылады, себебі вирус тасымалдаушылардың 50%-ы сау адамға жұқтырады, өздері ауырмайды. Қалған 50%-ы вирусты жұқтырып алғаннан кейін дене температурасы 39-40 0 С-қа көтеріліп, баспа 10-15 күнге дейін ісініп ауырады.
Лимфаденопатия – ағзадағы барлық бездердің ісініп, қатаюы. Ауру ұзақтығы 3 айға созылады.
ЖИТС ауруына ұқсас кезең. Ауруға шалдыққандарда диарея байқалады, дене салмағы 10-15%-ға төмендейді, тершендік, ұйқысыздық, әлсіздік, тәбеттің болмауымен сипатталады.
Нақты ЖИТС ауруы. Адамдар қатерлі ісіктерге шалдығады: кистозды пневмония, капоши саркомасы, цитомегаловирус туғызатын мидың ісік ауруы.
Аурудың арнайы емі жоқ, сондықтан барлық жүргізілген шаралар ауруды тежеуге және адам өмірінің сапасын шамалы болса да ұзартуға көмектеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 1 желтоқсан күнін ЖИТС-пен күресу күні деп белгіледі және әлеуметтік төзімділікке шақырды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, адамға денсаулық бір-ақ рет беріледі, ал сіздің денсаулығыңыз – өзіңіздің қолыңызда. Әр адамның мәнді де сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз. Сондықтан да өмірдегі ең жарқын жастық шағымызда деніміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық.
Ж.Шохаева,
«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нің Шиелі ауданы бойынша маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!