Қызылордада жедел жәрдем шақыру қалыпқа келді. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты жедел жәрдем қызметіне түсіп отырған жүктеме індетке дейінгі күнделікті шақырту қабылдау деңгейіне түсіп отыр, яғни ахуал тұрақталып, шақырту саны да азайды, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Шақыртулар саны індет өршіген маусым-шілде айларымен салыстыстырғанда 56,8%-ға төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 6 есеге төмендеді, яғни шарықтау шегінде күнделікті 1000-нан астам жағдай тіркелсе, қазіргі кезде 150-170 жағдай тіркеліп отыр.
Шақырыстардың ішінде пневмонияға күмәнді жағдайлар 14,4 есеге азаюмен қатар, ауыр жағдайдағы науқастар тіркеліп отырған жоқ.
1-3 санатты шақырыстар жүктемесі бір топқа тәулігіне 14-15 болса, 4 санатты жедел жәрдем тобына 18-20 ғана шақырту түсуде. Қуантарлығы, бұл өткен аймен салыстырғанда 2 есе төмен көрсеткішті көрсетіп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!