Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды

18.06.2024, 18:25 133

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал аудандағы медицина мекемелері 6 жедел жәрдем автокөлігімен толықты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жаңа санитарлық көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

– Қазіргі таңда өңірімізде тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде. Соның бір көрінісі бүгін ауданымызға жедел жәрдем автокөліктері жеткізілуде. Жаңа көліктердің халықтың игілігіне қызмет жасауына тілектеспін, – деді аудан басшысы.

Ауданға келген жедел жәрдем автокөліктері қажеттіліктеріне қарай, Аққұм, Аралқұм, Жіңішкеқұм, Бекбауыл, Құланды ауылдық округтері мен Арал қаласындағы «Абай» емханасына берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: