Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вирус бой бермей тұр

09.04.2021, 11:30 545

HALYQLINE.KZ

Бүгінде бүкіл әлемді бір тарының қауызына сыйғызып, әбігерге салып тұрған пандемияның басталғанына да бір жылдан асып барады. Былтырғы жаз айларында біздің елді де талайды жалмаған тәжтажал соңғы кезде қайтадан бас көтеріп, бой бермей тұр. Кешегі күннің ресми мәліметімен сөйлесек, Қазақстанда бір тәулікте 2440 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Ал, Қызылорда облысында өткен тәулікте 43 жағдай анықталды: Қызылорда – 25, Арал – 1, Қазалы – 6, Қармақшы – 1, Сырдария – 3, Шиелі – 3, Жаңақорған – 4. Симптомды – 16, симптомсыз – 27. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпарат осылай сөйлейді.

Анықталған 43 жағдайдың 11-і (26%) инфекциялық стационарда (облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына – 8, Қазалы аудананаралық ауруханасына – 1, Шиелі ауданаралық ауруханасы -1, Жаңақорған ауданаралық ауруханасы – 1 ), 32-сі үй жағдайында бақылауға алынды. Мұның жаңа ошағы – 22 жағдай (12-сы КВИ симптомдарымен, 8-сы стационарға жатар алдында, 2-еуі ақылы сынама тапсырып), қарым-қатынас арқылы – 21 жағдай.

Кеше коронавирус инфекциясынан 11 науқас (Қызылорда қаласы– 5, Қазалы – 1, Сырдария – 3, Жаңақорған – 2) емделіп шықты. Жалпы емделіп шыққаны – 3947 (92,8%). Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 17 217 адам, тікелей қарым-қатынас – 14 469, ықтимал қарым-қатынас – 2 748.

Жалпы, 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқастар саны – 4 288 (Қызылорда қаласы – 2678, Арал – 145, Қазалы – 151, Қармақшы – 179, Жалағаш – 135, Сырдария – 242, Шиелі – 345, Жаңақорған – 413). Ал, 2021 жылы коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқастар саны – 896 (Қызылорда қаласы – 610, Арал – 31, Қазалы – 48, Қармақшы – 20, Жалағаш – 22, Сырдария – 59, Шиелі – 51, Жаңақорған – 55).

2021 жылдың 8 сәуірінде зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1 684, тексерілгені – 1 045, жұмыс жүргізілуде – 525. Қалдық тест саны – 6893. Эпидмаусым басталғалы бері 267 084 сынама алынды. «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» – 144 сынама. «Ұлттық сараптама орталығы» – 451 сынама. «ИНВИВО» – 525 сынама. «ОЛИМП» – 450 сынама. Арал обаға қарсы лабораториясы – 114 сынама.

Инфекциялық стационарда – 174 науқас (жүктеме – 43,5%) ем алуда. Облыстық инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 11 науқас ем қабылдап жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: