Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды

10.06.2021, 10:15 379

HALYQLINE.KZ

Кеше қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы жауапты сала өкілдерімен кәсіпкерлік нысандар мен денсаулық сақтау мекемелерін аралап, коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтудің маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Жиналғандарға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация шарттары мен ережелерін, сондай-ақ, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажеттілігін айтып, нұсқаулық таратты.

Түсіндірме барысында қала әкімінің орынбасары барлық кәсіпкерлерді, қала тұрғындарын ерікті вакцинациядан өтуге шақырды.

– Әсіресе, кәсіпкерлік нысан өкілдері заңды тұлға ретінде халықпен жұмыс істеу барысындағы жауапкершілікті сезінуі керек. Пандемияны тоқтатудың бірден-бір тиімді әдісі вакцинация екенін ұмытпауларыңызды сұраймыз, – деді Бектас Балғабайұлы. Бүгінде аймақта барлығы 140 қалыпты екпе пункті жұмыс істейді, ал 39 жылжымалы егу пункті елді мекендерді аралауда. Қаладағы емханалардың барлығында вакциналау кабинеттері ашылған. Жұмыс режимі таңғы 08:00-ден 00:00-ге дейінгі аралықта қызмет көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: