HALYQLINE.KZ –| «Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған елде медициналық масканың сатылуына тыйым салды» деп хабарлайды Lenta.ru сайты.
Бұдан былай Түркия азаматтары ешқандай ақша төлемей-ақ, қорғаныш заттарын тегін алады.
«Жергілікті билік «е-девлет» немесе PTT сайтының поштасында тиісті өтініш қалдырған біздің азаматтарымызға тегін медициналық маска жіберуді бастады. Масканың сатылымына тыйым салынады», – деді түрік көшбасшысы.
Джонс Хопкинкс атындағы университет таратқан соңғы мәліметтерге сәйкес Түркияда 30 217 адамнан коронавирустық инфекция табылған. Соның 1326-ы ауруынан айықса, 649 адам індеттен көз жұмған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!