Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ТОП-10: Денсаулыққа ең зиянды азық-түліктер

13.09.2025, 12:00 211

HALYQLINE.KZ

1. Газды тәтті сусындарда қант мөлшері шамадан тыс көп, ал құнарлығы нөлге тең. Олар артық салмақ, диабет, бауырдың майлануы, тіс шіруі және метаболизмнің бұзылуына әкелуі мүмкін.

2. Фастфуд өнімдері – майға қуырылған, калориясы жоғары, құрамында тұз бен дәм күшейткіштері көп. Тұрақты түрде тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларына, семіздікке және асқорыту бұзылыстарына себеп болады.    

3. Чипсы түрлері – түрлі транс-майларға, тұзға және канцерогенді заттарға бай. Қуырылған күйде дайындалатындықтан, бауыр мен асқазанға зияны зор.

4. Шұжық, сосиска өнімдерінің құрамында нитраттар, консерванттар және жасанды бояғыштар көп. Тұрақты тұтыну қатерлі ісік ауруларының даму қаупін арттырады.  

5. Маргарин және спредтер – транс-майлардың негізгі көзі. Жүрек жұмысына зиян, холестерин деңгейін көтереді, соның салдарынан қан тамырларының бітелу қаупі жоғарылайды.  

6. Ақ қант пен оның қосылып жасалатын өнімдері – ағзаға қажетті емес бос калория көзі. Ол қант диабеті, артық салмақ, инсулинге төзімділік, терінің қартаюы сияқты мәселелерге себеп болады.  

7. Торттар, тәтті тоқаштар – бұл өнімдерде қант пен май мөлшері өте жоғары. Олар инсулин деңгейінің күрт көтерілуіне және кейін жылдам төмендеуіне әкеліп, аштық сезімін қайта тудырады. Тұрақты тұтыну – семіздікке тура жол.  

8. Энергетикалық сусындардың құрамында көп мөлшерде кофеин мен қант бар. Олар жүрек қағысын жылдамдатып, жүйке жүйесін тоздырады. Ұйқысыздық, мазасыздық және қан қысымының жоғарылауы жиі кездеседі.

9. Майонез және дайын тұздық өнімдерінің құрамы жасанды қоспалар, дәм күшейткіштер мен консерванттарға толы. Құнарлылығы жоғары, ал пайдасы жоқ.

10. Жылам дайындалатын кеспелерде құнарсыз, натрий мен дәм күшейткіштері өте көп болады.  Олар асқазанның шырышты қабатына әсер етіп, бүйрек пен бауырдың жұмысын қиындатады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: