Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғажановтан да коронавирус инфекциясы анықталды. Вице-премьер өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
«Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді. Инфекциядан қанша сақтанғаныммен болмады. Менен ауру белгісі жоқ коронавирус инфекция анықталды», – деген ол Facebook парақшасында.
Сонымен қатар, бүгін Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!