HALYQLINE.KZ –| Қазақстанда коронавирус инфекциясын төрт тілші жұқтырып алды. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
– Біздегі мәліметтер бойынша індетке шалдыққандар арасында төрт журналист бар. Олар инфекцияны науқаспен қарым-қатынас кезінде жұқтырып алған. Қазіргі уақытта аталған тілшілердің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, – деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Айжан Есмағамбетова мамырдың соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін екенін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!