Америкалық фармацевтикалық корпорацияның атқарушы директоры Альберт Бурладан коронавирус инфекциясы анықталды.
Pfizer-BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғаныма ризамын, өйткені қазір өзімді жақсы сезінемін, менен анықталған ауру белгілері білінер-білінбес. Оқшауланатын боламын, Paxlovid препаратын қабылдай бастадым, деп ТАСС Бурланың сөзін келтіреді.
АҚШ президенті Джо Байден де алдында осы препаратпен емделгені айтылады.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та коронавирус инфекциясының 92 миллионнан астам жағдайы анықталды, тағы 1 миллионнан астам адам көз жұмды.
Дереккөз: zakon.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!