Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Темекінің төндіретін қаупі көп

01.06.2022, 10:10 692

HALYQLINE.KZ Дүниежүзілік темекіге қарсы күні 1988 жылдан бастап әлем бойынша 31 мамыр күні аталып өтеді. Биылғы жылы бұл атаулы күнді Қазақстанда «Темекі туралы барлық шындық» атты жылжымалы көрме жұмысымен  Қызылорда қаласынан бастау алды. 4 күнге созылатын бұл іс-шара алғаш Қызылорда қалалық мәдениет  және демалыс паркінде, Б.Шөкенов атындағы саябақта және Тұңғыш Президент паркінде 4 маусымға дейін өз жұмысын жалғастырып, әрі қарай еліміздің басқа да қалаларында өтетін болады.  Сонымен қатар, жаз бойы аталған көрме жұмысы кем дегенде 10 қаланың (Түркістан, Тараз, Семей, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Жезқазған, Орал қаласы) тұрғындарына тамаша көңіл күй сыйлайды.

Сондай-ақ бұл іс-шарада көрермендерге темекінің қаншалықты адам ағзасына зиян екенін бізге денсаулық сақтау басқармасының өкілі Гүлдана Алмурзаяева толығымен айтып берді.

Темекі – жыл сайын әлемде халықтың денсаулығына қауіп төндіретін ең ауыр қауіптердің бірі.  Жыл сайын темекі зиянынан 8 миллионнан астам адамның өмірі қиылады. Олардың 7 миллионнан  астамы темекі шегушілер мен бұрын темекі тұтынғандар, 1,2 миллионға жуығы – темекі шекпейтін, бірақ,  темекі түтіннің әсерінен ұшырағандар. Темекі шегу – 6 жағдайдың біреуінде жұқпалы емес  аурудың пайда болуына  әкеледі және дүние жүзінде 8 өлімнің 6  өлім-жітімнің  негізгі себебі.

Қазақстанда жыл сайын 18 мыңнан астам адам темекіге байланысты жұқпалы емес аурудан көз жұмады, өйткені елімізде 2,7 миллион ( 20,4% ) ересек қазақстандық темекі шегеді, оның 36,5 пайызы ерлер және 6,0 пайызы әйелдер. Оның 17,1 пайызы күнделікті темекі тұтынады. Сонымен қатар, темекі шеккен адаммен темекі шекпеген адамның өкпесінде біршама айырмашылық болды. Темекі шекпейтін адамның өкпесі таза, ал темекі шегетін адамның өкпесі қап-қараға айналады, тісі, тырнағы сарғаяды екен. Қазіргі таңда темекінің иісін шығармайтын электронды темекілер тарап жатыр, бұлар қарапайым дүкендерде сатылатын темекілерге қарағанда, ауыздан иіс шығармағанмен әлдеқайда зиян.

Міне, бүгінгі көрменің арқасында темекінің ағзаға қаншалықты зиян екенін білдік. Оқырмандардың арасында темекіні пайдаланатындар болса, осыдан кейін темекі сәл азайтып немесе толықтай тастайды деп сенеміз. Денсалық – басты байлық, денсаулығымызға кері әсер ететін зиянды заттардан аулақ болайық. 

 Аружан ӘЛІМЖАН,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 2-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: