Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды

09.02.2026, 12:00 62

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады деп жазады Halyqline.kz.

Мәліметке сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның 2025 жылғы сәуір айында Ұлттық госпитальға жатқызылғанын мәлімдеген. Сол кезеңде оның денсаулығына және нақты қай жерде ем қабылдап жатқанына қатысты түрлі болжамдар мен бейресми ақпараттар тараған. Алайда медициналық мекеме диагноз бен емдеу барысы жөнінде мәлімет таратпаған. Себебі бұл деректер медициналық құпияға жатады.

Клиника өкілдерінің хабарлауынша, пациент стационарда ем қабылдап, кейін қаңтар айында амбулаториялық емге жіберілген.

– Пациент клиникада емделді және қаңтарда амбулаториялық емге ауыстырылды. Денсаулығы, диагнозы, емдеу тәсілдері мен нәтижелері туралы басқа ақпарат медициналық құпия болып табылады және жарияланбайды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Сара Назарбаеваның жағдайы тұрақты екені ғана мәлім етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: