HALYQLINE.KZ Аймақта 2021 жылдың наурыз айынан бастап вакцинаның 80 мың дозасы кезең-кезеңімен әкелініп, егу жұмыстары басталады. Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, вакцинаны сақтайтын арнайы контейнерлердің саны нақтылануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов мәлімдеді.
– Вакцинаны қалай енгізілетіні туралы қосымша жұмыстар жүргізілетін болады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады. 65-ке дейінгі адамдарға салынады. Өйткені, вакцина сол жас аралықтағы адамдарға ғана әсер етеді. Айта кетейін, адамдармен жиі байланыста болғаннан кейін вакцинаны бірінші кезекте өзімде салдырамын, – деді Сәбит Бексейітұлы.
Сонымен қатар, 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды. Бұған қоса, облыста 9 ПТР аппараты жұмыс істеп, тәулігіне 1200-1300-ден астам сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!