Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар бір мезетте дәріханадан 2000 дана аспирин сатып алған

30.06.2020, 9:35 619

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімдігінің арнайы мониторингтік тобы дәріханалардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ аталған дәрілік заттардың бөлшек саудада шекті бағаларының сақталуын бақылау мақсатында қаладағы біршама дәріханаларды аралады.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде дәріханалардың көпшілігінде дәрілік препараттардың жеткілікті мөлшері бар екені, кейбір дәріханалық ұйымдарда антибиотиктер, ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы дәрілік заттар жоқ екені анықталды.

Халық тарапынан жоғары сұранысқа байланысты аталған дәрілік заттар тез өткізілуде. Қазіргі таңда жоқ дәрілік заттарға дистрибьюторлық қоймалардан алуға тапсырыстар жолданған.

Қызылорда қаласында фармацевтикалық қызметпен 178 дәріхана, дәріханалық пункт айналысады. Барлық дәріханалар жеке меншік субъектілері болып табылады. Соңғы 3-4 күн ішінде халық тарапынан ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы, антибактериалды, иммуномодуляциялық препараттарға сұраныс күрт артты.

Мысалға, бір дәріханадан бір мезетте бұрын бір айлық қор болып есептелетін 2000 аспирин дәрілік затын сатып алу фактісі болған. Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов дәріханаларды аралау барысында тұрғындармен жүзбе-жүз кездесіп, аталған олқылықтарды анықтап, халықты сабырға шақырып, және дәріханаларда дәрілік заттардың орнын толтыру жайлы сала басшыларына тапсырма берді.

Дәрілік заттардың шекті бағалары жылына екі рет 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін бекітіледі. Шекті баға – бұл қандай да бір дәрілік затты жоғары сатуға болмайтын баға. Яғни, қандай да бір дәрілік заттардың бағасына жарты жыл ішінде теңге бағамы да, сату маусымдылығы да әсер етпейді. Дәрілік заттардың шекті бағасын «DariKZ» мобильді қосымшасынан білуге болады.

Жалпы Қызылорда дәріханаларында дәрілік заттар бекітілген шекті бағасынан асып кеткен жағдайда, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы барлық мәселелер бойынша Департаментке жүгінуге болады.

Мекенжайы Бектұрғанов көшесі 10А, телефон байланысы 23-82-92. Дәрілік заттардың белгіленген шекті бағаларын арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, – деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: