Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық жігіттер тестостерон рейтингінде көш бастады

14.10.2025, 15:30 165

«КДЛ ОЛИМП» зертханасы қазақстандық ерлердің тестостерон деңгейін зерттеп, «ең брутальды» аймақтардың рейтингін жариялады.

Көш басында – Қызылорда облысы (5,45 нг/мл).

Одан кейін Қостанай (5,07), Ақтөбе (4,89) және Астана (4,89) қалалары орналасқан.

Ел бойынша орташа көрсеткіш – 4,57 нг/мл, ал ең төмен нәтиже Таразда тіркелген – 3,54 нг/мл.

КДЛ ОЛИМП бас директоры Ерлан Сүлейменовтің айтуынша, «Тестостерон – ер адамның денсаулығының басты көрсеткіші. Жоғары деңгей физикалық белсенділікке, дұрыс тамақтануға және жеткілікті ұйқыға тікелей байланысты. Ал стресс пен ұйқының аздығы керісінше төмендетеді».

Қыркүйекте 8 600-ден астам ер адам тестостерон талдауын тапсырған. Зерттеу кезінде гормон алмастыру терапиясын қабылдайтындар есепке алынбаған.

Мамандар өңірлер арасындағы мұндай айырмашылықты терең зерттеу қажет екенін айтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: