Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық мейіргер жеңімпаз атанды

26.02.2025, 18:30 45

HALYQLINE.KZ

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен Ресей Федерациясының Бас Прокуратурасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» атты халықаралық байқау ұйымдастырған болатын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 33 мемлекет өкілдері арасында ұйымдастырылған байқауда «Ең үздік плакат» номинациясымен №6 қалалық емхананың мейіргерi Мұратбек Нұрасыл II орынға ие болды.

Байқау жеңімпазына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жүнісов Айдос Жаппарұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін РФ Бас Прокуратурасының марапатын салтанатты түрде табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: