Соңғы көрсеткіштер бойынша аймағымыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты деп бағалауға болады. Алайда балалар арасында жаңа оқу жылының алғашқы 19 күнінде індет жұқтырудың 107 дерегі тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.
– 98 мектептің 107 оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Басым бөлігі қала мектептерінде анықталды. Бүгінгі күні 107 сынып 14 күнге карантинге жіберілді. Сондай-ақ дәстүрлі форматта оқу процесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында КВИ-дің 17 дерегі есепке алынды. Байланыста болғандар шеңбері анықталып, эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалды, – деді департамент басшысы.
Айта кету керек, облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 17 403 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте 41 дерек анықталды. Басым көпшілігі эпидкөрсеткіштер бойынша ПТР тапсыру кезінде, 4 жағдай науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар арасында анықталды. 207 адам вирус жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болғандар ретінде медициналық бақылауға алынған.
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!