Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қызылордада тіркелген жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министр Қызылордада жаңа босанған әйелдің қан құюдан кейін АИТВ жұқтырғанын растады.
«Бұл жағдай министрліктің бақылауында. Тиісті тексерістер жүргізіліп жатыр. Қазір ешкім жауапкершілікке тартылмады деп айта алмаймыз. Тергеу қорытындысы бойынша тисті шешім қабылданады», – деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!