Қазір облыста қатерлі дертке шалдыққан 3500 адам есепке алынған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 227. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Соңғы тәулікте 7 адамнан коронавирус анықталды. Оның 6-ауы Қызылорда қаласында тұратын болса, 1-еуі Жалағаш ауданынан анықталған. Олардың 4-еуі мектеп оқушысы болып отыр.
«ПТР талдаулары 5 пациенттен коронавирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуы себепті алынса, 2 науқастан профилактикалық мақсатта алынған. Бір науқаста коронавирус инфекциясының клиникалық белгілері байқалса, қалған пациенттерде коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталды», – деді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынған. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!