Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада шектеу шаралары күшейе ме?

21.04.2021, 11:40 572

HALYQLINE.KZ

Соңғы аптадағы көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 21 сәуірінен бастап “қызыл аймаққа» ауысты.

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы бойынша COVID-19 инфекциясының 4890 дерегі есепке алынды. Жыл басынан бері 1498 жағдай анықталса, соның басым көпшілігі сәуір айының 20 күнінде тіркеліп отыр – 846 дерек.

Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 47 жаңа жағдайы тіркелді. Аймақтар кесімінде:

Қызылорда қаласы-22

Шиелі ауданы-1

Қазалы ауданы-9

Жаңақорған ауданы-7

Қармақшы ауданы-7,

Сырдария ауданы-1.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 Қаулысына сәйкес шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) 5 күн ішінде жүргізіледі.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: