Елімізде қызылша ауруының таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің арнайы қаулысы негізінде бірқатар санитариялық және профилактикалық жұмыстар қолға алынуда. Бұл туралы Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
– Құжатта қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундауды кеңейту көзделген. 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды жағдай тұрақтанғанға дейін егу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ 30 жасқа дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ, ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін осы инфекцияға қарсы жаппай иммундау барысында егілмеген денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері де екпе қабылдайды. Қаулыға сәйкес балаларды стационарларға, ұжымдық ұйымдарға қабылдауға қатысты бірқатар күшейту шаралары белгіленді. Айта кетейік, қызылша жағдайларының тіркелуі кезінде екпе алмаған балалар мектепке дейінгі ұйымдарға және мектептерге барудан уақытша шеттетіледі. Қызылшамен ауыратын науқастармен байланыста болған, ауру белгілері бар не инфекциялық аурулардың ошақтарынан келген әскерге шақырылушылар әскери бөлімдерге келген кезде 21 тәулікке оқшауланатын болады, – деді Әлия Мүтәліпқызы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!