Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Қан орталығы» салынып жатыр

21.12.2022, 13:30 537

HALYQLINE.KZ  Жаңа нысандар салу бастамасы медицина саласында жалғасады. Әлеуметтік салада келер жылы 36,4 млрд.теңге Қызылорда қаласында 100 адам қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухана құрылысы басталады.

Мұнан бөлек, 200 төсектік перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратының құрылысы жүргізіледі. Сол жағалауда құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын «Қан орталығы» салынуда.

– Денсаулық министрлігімен бірге алдағы 3 жылда 27 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт саламыз. Шамамен бұған 9,7 млрд.теңге көзделеді. Осылайша біз ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің проблемасын толық шешетін боламыз, – деді Н.Нәлібаев “Бетпе-бет” хабарында.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: