Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада онкологиялық диагностика орталығы іске қосылады

17.01.2026, 14:09 29

Аймақта Orhun Medical компаниясының жаңа медициналық орталығы ашылады. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев орталық жұмысымен танысып қайтты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі жазды.

Медициналық нысан позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ/КТ) қызметін көрсетеді. Бұл әдіс онкологиялық ауруларды ерте анықтауға және емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Бұған дейін өңір тұрғындары мұндай тексеруден өту үшін Алматы мен Астана қалаларына баруға мәжбүр болған.

Орталықтың жылдық қуаты: 3 500 ПЭТ/КТ, 16 000 МРТ, 20 000 КТ, 25 000 рентген және 10 000 маммография зерттеуін жүргізуге есептелген. Сонымен қатар МРТ, КТ, рентген, УДЗ, зертханалық талдаулар мен мамандар кеңесі қолжетімді болады.

Қызылордадағы орталық Orhun Medical компаниясының Қазақстан өңірлерінде онкологиялық көмекті дамытуға бағытталған жобасының екінші кезеңі. Бұған дейін осындай орталық Ақтау қаласында ашылған. Жаңа нысан Қызылордамен қатар Ұлытау, Түркістан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Зерттеулер мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында жүргізіледі. Орталықтың ашылуы ақпан айына жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: