HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 537, ал симптомсыз – 208 азамат. Ал, індеттен айығып шыққандар саны 475-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Симптомды жаңа 5 жағдай тіркелді, бесеуі де – скринингтен, ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 12 дерегі анықталды. Оның 5-еуі – скринингтен, 2-еуі ақылы тест сынамасын тапсырғаннан, 5-еуі індет жұқтырған науқаспен байланыста болғаннан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 6085 азамат анықталды. Оның 3710-ы – тікелей қарым-қатынаста, 2375-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!