Halyqline.kz–| Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 237-ге жетті. Ал бүгінге дейін сауығып шыққандар саны -183. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов мәлімдеді.
– Жаңадан анықталған 5 жағдай, барлығы да Атыраудан вахталық әдісмен жұмыс жасайтындар. Таратып айтар болсақ, 1-еуі Қызылорда қаласынан, 1-еуі Жаңақорған, 1-еуі Шиелі, 1-еуі Арал, 1-еуі Қазалы аудандарынан. Соңғы тәулікте барлығы 722 зертханалық сынама алынса, оның 462 сынамасы теріс мәнді болды. 5 сынама оң мәнді. Қалдық тест – 3850. Облыс бойынша эпидемиологиялық маусым басталғалы 21 259 сынама алынған, – деді ол.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3278 азамат анықталды. Оның ішінде, 1806-і жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!