Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында 7 жастағы қыз балаға тимпанопластика отасы сәтті жасалды. Науқасты ұзақ жылдар бойы құлағынан ірің ағу мазалап келген. Тексеру кезінде құлақ жарғағының тесілгені анықталып, оған жаңадан жарғақ (перде) салу қажет болды.
Отаны жасаған оториноларинголог Айбол Жарқынбекұлы Қонысбаев, анестезиолог Абзал Мамытбекұлы, ал ассистент мейірбике Жанат Жалғасбай болды.
Бұл – Қызылорда қаласында алғаш рет жасалған тимпанопластика отасы.
Мамандардың кәсібилігінің және заманауи медициналық мүмкіндіктердің нәтижесінде ота сәтті өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!