HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 465, ал сипмтомсыз – 50 азамат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте 4 дерек тіркелді. Оның ішінде, Қызылорда қаласынан – 2, Шиеліден – 1, Жаңақорғаннан – 1 жағдай. Сынама тесттің қорытындысы бойынша симптомды ағымды коронавирус инфекциясының жағдайы», – деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 5344 азамат анықталды. Оның 3140-ы – тікелей қарым-қатынаста, 2204-і жанама байланыста болған.
«Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтан, сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!