Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Соңғы 10 күнде коронавируспен ауырғандар тіркелмеді

28.03.2022, 17:00 921

HALYQLINE.KZ Соңғы он күнде облыста коронавирус індетін жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелмеді. Ал өңірдегі халықтық 95 пайызы індетке қарсы вакцина қабылдады. Оның ішінде «Pfizer» екпесімен 82 мыңнан астам азамат қамтылды. Бүгінгі күнге дейін 185 664 тұрғын ревакцинациядан өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңыңда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов хабарлады.

– Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационарда – 10 адам, жансақтау бөлімінде – 3 науқас емделуде. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты 3 наурыздан бастап 200 орынды модульді инфекциялық стационар жабылды. Ендігі кезекте бұл аурухана қайта бейінделіп, басқа профильді аурухана ретінде жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, барлық егу пункттері тек жұмыс күндері ғана қызмет көрсетеді. Ал сенбі және жексенбіде жұмыс істемейді. Жалпы облыста вакцинация жұмыстары жалғаса береді. Осы індетке қарсы екпелердің күшімен коронавирус инфекциясы жай тұмауға ұқсас ауру ретінде қалуы мүмкін. Дегенмен облыс тұрғындары сақтық шараларын ұмытпағаны абзал, – деді Жангелді Шаймбетов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: