HALYQLINE.KZ Бұл туралы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
БІЗ КАРАНТИНДІК ЖАҒДАЙДЫҢ ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ АРҚЫЛЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫН ТОҚТАТУЫМЫЗ ҚАЖЕТ!
— Аса қажет болған жағдайда сыртқа шықсаңыз (тамақ, дәрі-дәрмек алу үшін, медициналық көмек керек жағдайда), далаға шығар алдында медициналық маска, қолғап, жыл мезгіліне сәйкес жеңі ұзын жейде киіңіз!
— Қолыңызды сабынмен (кемінде 20 секунд) жиі жуыңыз немесе құрамында спирті бар антисептикпен жиі сүртіңіз!
— Мүмкіндігінше қолдарыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз!
— Тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз!
— Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды майлықпен жабыңыз. Дереу майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне лақтырыңыз да, қолыңызды спирті бар антисептикпен немесе сабынды сумен жуыңыз.
— Күніне екі рет құрамында хлоры бар немесе басқа дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіңіз!
— Үй-жайды жиі желдетіп отырыңыз!
— Байланыс құралдарын пайдаланып, басқа адамдармен қашықтықтан сөйлесіңіз!
— Қонаққа бармаңыз және достарыңызды үйге шақырмаңыз. Азық-түлік пен тауар қажет болса, үйдің табалдырығына дейін жеткізу қызметтерін пайдаланыңыз.
— Салауатты өмір салтын ұстаныңыз!
— Егер ИНФЕКЦИЯ БЕЛГІЛЕРІ БАЙҚАЛСА, 103-ке қоңырау шалыңыз!
— Егер Сізде коронавирус туралы сұрақтар болса, 1406 нөміріне қоңырау шалыңыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!