Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Өткен тәулікте вирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

12.06.2020, 13:20 553

HALYQLINE.KZ Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 315 оқиғасы болып, оның жалпы саны 13 872-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.

Өткен тәулікте тағы да рекордқа жақын көрсеткіш тіркелді. Демек, әлі пандемияның «шарықтау шегінен» түсе алмай жүрміз.

Қарағандының қарқыны әлі де қатты. Ол бүгін тағы 52-ден қайтты. Астана мен Алматының да вирустың «беті» қайтар емес. Шымкент пен Алматы облысы да үдетіп келеді.

Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да есепке алынған 315 дерек қалалар мен аймақтар бойынша былай бөлінді:

Қарағанды облысы – 52, Астана қаласы – 50, Алматы қаласы – 48, Ақтөбе облысы – 48, Шымкент қаласы – 29, Алматы облысы – 20, Батыс Қазақстан облысы – 15, Атырау облысы – 14, Маңғыстау облысы – 11, Шығыс Қазақстан облысы – 9, Жамбыл облысы – 5, Түркістан облысы – 4, Солтүстік Қазақстан облысы – 4, Павлодар облысы – 2, Ақмола облысы – 2, Қостанай облысы – 1.

Өткен тәулікте тек Қызылорда облысында вирус жұқтыру оқиғасы тіркелмеді. Осының арқасында облыс екі саты кейін шегінді. Оның алдына Ақтөбе және Алматы облыстары түсіп кетті.

Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:

  1. Алматы қаласы – 3005
  2. Астана қаласы – 2620
  3. Қарағанды облысы – 1342
  4. Атырау облысы – 1246
  5. Шымкент қаласы – 1051
  6. Батыс Қазақстан облысы – 893
  7. Ақтөбе облысы – 492
  8. Алматы облысы – 490
  9. Қызылорда облысы – 484
  10. Жамбыл облысы – 462
  11. Түркістан облысы – 420
  12. Маңғыстау облысы – 368
  13. Павлодар облысы – 298
  14. Шығыс Қазақстан облысы – 224
  15. Қостанай облысы – 210
  16. Ақмола облысы – 186
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 76.

Осы кезге дейін 8593 адам жазылып шығып, 67 адам қайтыс болды.

Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:  

  1. Алматы қаласы – 2008
  2. Астана қаласы – 1829
  3. Атырау облысы – 892
  4. Қарағанды облысы – 619
  5. Батыс Қазақстан облысы – 488
  6. Шымкент қаласы – 455
  7. Қызылорда облысы – 346
  8. Алматы облысы – 321
  9. Жамбыл облысы – 289
  10. Түркістан облысы – 267
  11. Ақтөбе облысы – 252
  12. Маңғыстау облысы – 204
  13. Павлодар облысы – 182
  14. Қостанай облысы – 155
  15. Ақмола облысы – 145
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 93
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 48.

Аймақтар бойынша қайтыс болғандар мәліметі:

Астана қаласы – 14, Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 10, Павлодар облысы – 8, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 4, Атырау облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: