Осы жылы өңірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруға республикалық бюджет есебінен 7 млн доза ветеринариялық препарат бөлінген. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет хабарлады.
– Бекітілген 10 айлық жоспарға сәйкес, жануарларға 5,9 млн доза алдын ала толық егілді. Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында осы жылы бекітілген жоспарға сәйкес 2,2 млн бас жануарлардан қан сынамаларын алып зерттеу жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 10 айында 1,6 млн бас жануар диагностикалық тексерістен өтіп, жоспар толық орындалды. Аймағымыз 10 айлық жоспардың орындалуында республика бойынша алдыңғы қатарда, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!