HALYQLINE.KZ Бүгінде Қазалы ауданының әкімдігіне қарасты 35 қызметтік көлік жергілікті медициналық мекемелерге қосымша көлік ретінде көмек көрсетіп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – аты жаман аурумен арпалысып жатқан дәрігерлерге көмек қолын созу, тұрғындардың түскен шақыртуларға жедел жеткізу.
– Қазіргі эпидимеологиялық ахуалды өздеріңіз көріп отырсыздар. Соған байланысты осындай қадамға барып отырмыз. Енді дәрігерлер шұғыл шақыртуларға жедел бара алады. Осылайша «басы ауырып, балтыры сыздаған» жандарға медициналық көмек көрсетеді, – дейді Арықбалық ауылдық округінің әкімі Мәулен Қайруллаев.
Ауылдық округ әкімдерінің қызметтік көліктері дәрігерлік амбулатория алдында жұмыс уақытында тұрса, Қазалы қаласындағы емхана мен Әйтеке би кентіндегі аудандық емхана мен «Болат жолы» ауылдық емханасына дербес бөлім басшылары мен Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімдерінің көліктері тегін қызмет көрсетеді. Бұл медициналық мекемелерге 3 қызметтік автокөлік кезекшілікке қойылған. Тек дәрігерлерден хабар келсе, автокөліктер жедел көмекке жетіп барады.
Айта кетейік, бұған дейін төтенше жағдай және карантин уақытысында 14 аудандық дербес бөлімдердің қызметтік көлігі аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына күнделікті кезекшілікке қойылған.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!