Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құтқарушылар қан тапсырды

10.04.2020, 12:30 710

HALYQLINE.KZ –| Құтқарушылар қан тапсыруда Қан – баға жетпес, емдік қасиеті жоғары адам ағзасының маңызды бір бөлігі. Қазіргі өркениетті заманда әйелдер, әсіресе балалар арасында қан аздық және қатерлі ісік аурулары күннен-күнге өршуде. Айтып келмес жол апаттары мен түрлі операцияларда болатын қан кетулерде қан өнімдері науқастардың өмірін сақтап қалуға зор ықпал етеді. Қан тапсыру донор организмінде стрестік жағдайларға, травмаларға, қан кетулерге қарсы тұрақтылықты күшейтеді, организмнің «жасаруына», иммунитеттің жоғарылауына алып келеді.

Жүрек қан-тамыр аурулары: артериялық қан қысымының жоғарылауы, инсульт, миокард инфарктісі сияқты аурулардың алдын алуына көмектеседі. Дүниежүзілік статистика бойынша тұрақты түрде қан тапсыратын донорлардың өмір сүру ұзақтығы басқа қан тапсырмайтын адамдармен салыстырғанда бес жылға ұзақ өмір сүреді. Ешкім де өз өмірінде ешқандай қиындықтардың, жазатайым оқиғалардың болмайтынына кепілдік бере алмайды.

Әлемді жаулаған короновирус індеті қазақ елін де айналып өтпеді. Қазіргі күні көптеген ел азаматтары осы аты жаман індетпен күресуде. Облыстың өзінде осы індетке шалдыққандар саны 100-ге жетті. Соңғы уақытта бүкіл әлемде және біздің де елімізде таралып жатқан короновирус індеті барлық жұмыс салаларына кері әсерін тигізуде. Оның ішінде қан донорларының азаюы байқалуда. Осы ретте құтқарушылар қан тапсыру жұмысына да өз үлестерін қосты. Іс-шара барысын санитарлық–эпидемиологиялық нормаларға сай, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып «Облыстық қан орталығының» мамандары жүзеге асырды.

«Бір тамшы қаным – жанға араша» акциясы аясында Қызылорда облысы ТЖД, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары», «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда филиалының ұжымының қызметкерлері қан тапсырды. Осы іс-шараға барлығы 50-ден аса адам атсалысты.

Айгүл Нұрманова,

Қызылорда облысы ТЖД бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: